Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп
Ішкі істер министрлігі көші-қонды бақылау жұмыстарының жартыжылдық қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ведомство өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 47 мыңнан астам шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп.
Сондай-ақ 6 мың шетел азаматы республика аумағынан шығарылды. Олар енді 5 жыл бойы елге кіре алмайды. Бұған қоса 6,5 мың шетелдіктің елде болу мерзімі қысқартылып, елден шығуы қамтамасыз етілді.
Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 2 мың жұмыс берушіге айыппұл салынды. Елде тұрақты тұратын шетелдіктер арасында 2 мың заң бұзушы анықталып, олардың елде тұруға ықтиярхатының күші жойылды.