×

Елордада мамандандырылған ХҚКО қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды

Олар жүйелі түрде жүргізуші куәлігін сатып келген

 Динара Амантай 07.06.2022 | 17:31
Коллаж: Halyq Uni

Елорданың автокөлік иелеріне арналған №2 халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлеріне қатысты жүргізуші куәліктерін сатуға және автокөліктерді заңсыз тіркеуге алуы бойынша тергеу басталды. Бұл туралы жергілікті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет іс жүзінде емтихан тапсырусыз жүргізуші куәліктерін бергені үшін заңсыз жүйелі негізде сыйақы алу және автокөліктерді тіркеу есебіне заңсыз қою фактісі бойынша автокөлік иелеріне арналған Халыққа қызмет көрсету бойынша мамандандырылған №2 қызметкерлеріне және өзге де тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша бірқатар шұғыл тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама