Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды
Атырау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 1 млн теңге бопсаламақ болған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, ол 27 жастағы азаматты жеке басына қатысты бейнематериалдарды әлеуметтік желіге таратамын деп қорқытқан. 24 жастағы облыс тұрғыны жәбірленушіден 100 мың теңге көлемінде ақша алу кезінде қолға түсіп, қамауға алынды.
Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.