«Алматы маңын су басуы мүмкін»: ТЖД ескерту жасады
Бірнеше күн бойы толассыз жаңбыр жауады деп болжанып отыр
Алматы қаласының маңын су басуы мүмкін, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қазгидромет 16 шілдеде жедел ескерту жасады. Синоптиктердің болжамынша, 17-20 шілде аралығында қатты жауын-шашынға байланысты таулы аймақтарда су деңгейі көтерілуі мүмкін, деп мәлімдеді Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті.
Қауіпті белгілерден асқан жағдайда Алматы қаласының аумағына іргелес тау бөктері мен аудандарда су тасқыны болуы мүмкін, – деп толықтырды ведомство.
Осыған орай, Алматы қалалық ТЖД тұрғындарға жақын орналасқан арықтар мен каналдарды қоқыстан тазарту қажеттігін ескертті.