×

Ақмола облысының құтқарушылары көне археологиялық артефакт тауып алды

Оған отандық қана емес, шетелдік ғалымдар да қызығушылық танытқан

 Қымбат Елтайқызы 18.07.2024 | 09:24
фото: ТЖМ

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар дапертаментінің қызметкерлері археологиялық артефактіні тапты, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Орман» профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Сандықтау ауданы ТЖБ қызметкерлері тарихи олжаға тап болды, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Артефакт – тасқа қашалған адамның беті. Олжа туралы Ақмола облысы ТЖ департаментіне және жергілікті өлкетану мұражайына хабарланды. Бұдан әрі олжа туралы тек Астанадан ғана емес, тіпті алыс шетелден келген ғалымдарға мәлім болды. ТЖ қызметкерлері қонақтарды тарихи ескерткішке апарды, – деп толықтырды ведомство.

Бүгінгі таңда ежелгі мүсіншінің өнімі қай дәуірге жататынын айту мүмкін емес. Ғалымдардың пікірлері екіге бөлінді. Кейбіреулер бұл тас қола дәуірінен бері бар деп айтады, ал басқалары оны кейінгі түркі кезеңіне жатқызады. Тіпті, ғалымдардың бірінің пікірінше, Сібірде табылған олжаларға ұқсастықтар бар. Қай пікір дұрыс болса, әрі қарай зерттеу шешеді, бірақ қазірдің өзінде бұл жаңалық үлкен тарихи құндылыққа ие деп айтуға болады. Қазіргі уақытта артефакт қорғауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама