×

Қаланы ластаған алматылықтарға биыл 32 млн теңге айыппұл салынды

Жарты жылда 12 мыңға жуық заңбұзушылық тіркелген

 Қымбат Елтайқызы 17.07.2024 | 17:30
фото: Алматы әкімдігі

Ескі жиһаздар мен құрылыс қалдықтарын қоқыс алаңдарында қалдыруға тыйым салынады. Алматыда бүгінгі таңда контейнерлік алаңдардың іргелес аумақтарында ірі көлемді қоқыстарды жинау өзекті мәселе болып отыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Тұрғындар ескі жиҺазды, істен шыққан тұрмыстық техниканы, сантехникалық бұйымдарды және тағы басқаларды қалдырады. Сонымен қатар, жөндеу жұмыстарынан кейін құрылыс қалдықтарын қоқыс жәшіктерінің жанынан табуға болады. Мысалы, плиткалар, ескі есік жақтаулары мен кенептер, кірпіштер және тағы басқалары бұл алаңның бітелуіне және басқа тұрмыстық қалдықтардың жиналуына әкеледі, деп мәлімдеді Алматы қаласының әкімдігі.

Қоқыс жинайтын машиналар үлкен көлемдегі қоқыстар мен құрылыс қалдықтарын шығара алмайды. Өйткені бұл техниканың престеу аппаратын істен шығаруы мүмкін, – деп толықтырды ведомство.

«Коммуналдық қалдықтарды басқару ережелеріне» сәйкес, жылжымайтын объектілерді салуды және (немесе) жөндеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар Құрылыс және ірі көлемді қалдықтарды (жиһаз, тұрмыстық техника) арнайы бөлінген орындарға өз бетінше әкетуі қажет.

Алматы қаласының аумағын абаттандыру ережелеріне» сәйкес, ірі көлемді қоқыстарды (қалдықтарды) шығаруды ірі көлемді қоқыстарды әкету шарты негізінде кәсіпорындардың, мекемелердің және жеке тұлғалардың өздері немесе қоқыс шығаратын кәсіпорындар жүргізеді. Үйде жөндеу жұмыстарын жүргізетін тұрғындар, сондай-ақ ірі көлемді қоқыстар пайда болған кезде мамандандырылған ұйымдарға хабарласып, ақылы техниканы шақыруы немесе қалдықтарды полигонға өз бетінше шығаруы қажет. Полигондар Алматы облысында, Іле ауданында және Қарасай ауданы Айтей ауылында орналасқан.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 505-бабына сәйкес, абаттандыру қағидаларын бұзу жеке тұлғаларға – 20 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 30 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 20 АЕК мөлшерінде ескерту жасауға немесе айыппұл салуға әкеп соғатынын ескеру қажет.

Алматы ПД ақпараты бойынша, осы бапқа қатысты қаланы абаттандыру ережелерін бұзғаны, инфрақұрылым объектілерін және жасыл желектерді қиратқаны әрі бүлдіргені үшін 2024 жылдың 6 айында 11 577 заңбұзушылық тіркеліп, 32 749 200 теңгеге айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама