Halyq Uni логотип
×

Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген қостанайлық ұсталды

Ер адам әкімшілік қамауға алынды

 Динара Амантай 17.07.2024 | 15:43
Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген қостанайлық ұсталды
Фото: polisia.kz

Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген Лисаков тұрғыны ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 15 шілде кешкі уақытта Астана қаласы бойынша ҰҚКД сенім телефонына дабыл қоңырауы түскен. Белгісіз адам Лисаков қаласының балалар мектеп-интернатында жарылғыш зат қойғысы келетінін хабарлаған. Шұғыл түрде мектеп ғимараты мен оған іргелес аумаққа тексеру жүргізілді. Ешқандай жарылғыш заттар табылған жоқ.

Қостанай ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері қоңырау шалушының жеке басын тез арада анықтады. Ол бұрын сотталған 48 жастағы Лисаков тұрғыны болып шықты. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Ұстау кезінде ол мас күйінде полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбады.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама беру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам әкімшілік қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама