Halyq Uni логотип
×

Қызылорда облысында жанармай бекеті өртенді

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

 Қымбат Елтайқызы 17.07.2024 | 14:17
Қызылорда облысында жанармай бекеті өртенді
фото: ТЖМ

Құтқарушылар жанармай құю бекетінің аумағындағы отты сөндірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Оқиға бүгін Қызылорда облысы Арал қаласында болды. Анықталғандай, жанар-жағармай материалдарына арналған резервуар жанды, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

ТЖМ күштері шақыру түскен сәттен бастап 17 минут ішінде жалынды сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр, – деп толықтырды ведомство.

Министрлік өкілдері жанармай құю бекетіндегі от қауіпсіздігі жайлы еске салды. Атап айтсақ:

  • Жанармай құю бекеті мен автогаз құю бекетінің аумағында темекі шегуге қатаң тыйым салынады;
  • Қозғалтқышы өшірілмеген кез келген автокөлікке жанармай құюға тыйым салынады;
  • Автогаз құю бекетінде тұрмыстық газ баллондарын құюға жол берілмейді;
  • Жанармай құю бекетін, автогаз құю бекетінің аумағын гүлдену кезінде үлпектер, талшықты заттар немесе түкті тұқымдар бөлетін бұталар мен ағаштармен көгалдандыруға жол берілмейді;
  • Жанармай құю және автогаз құю бекеттерінің аумағын жанғыш қоқыстардан, құрғақ шөптерден, жапырақтардан, үлпілден және төгілген мұнай өнімдерінен тазарту қажет.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама