Министр еліміздегі ең нашар жолды көлікпен жүріп өтті
Бұл 66 шақырымдық жол ең нашар жолдар қатарына жатады
Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстандағы ең нашар жолды көлікпен жүріп өтті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Ол жұмыс сапарымен Ақтөбе өңіріне барып, еліміздегі ең нашар жолдардың қатарына жататын «Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ» тас жолын көлікпен жүріп өтті.
Бұл жолдың қазіргі жағдайы қанағаттанарлықсыз. Алайда жолдың бір бөлігінде қайта құру жұмыстары басталды. Ақтөбе мен Хромтау арасындағы 30 шақырымдық жол учаскесін Sine Midas Stroy мердігері салып жатыр. Жол толығымен қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылғанша ең нашар деп танылған 66 шақырымдық жол бөлігін ағымдағы жөндеу жұмыстарымен қамтудамыз. Қазір оның 36 шақырымы жөнделді, - деді Марат Қарабаев.
Қайта құру жұмыстары келесі жылы басталады.
Қазіргі уақытта Ақтөбе ауылы мен Ақжар ауылының арасы, Просторный ауылы мен Хромтау қаласының арасы, Құдықсай мен Бөгетсай ауылдары арасы және де Бөгетсай мен Қарлау ауылдарының арасы қалыпқа келтірілді.