Астанада 400-ден астам жөн-жосықсыз қоқыс үйіндісі анықталды
Министрлік қоқыс үйінділеріне ғарыштан мониторинг жүргізіп отырады
Астана қаласы бойынша жөн-жосықсыз қоқыс үйінділерінің ғарыштық мониторингі аяқталды. Онда рұқсат етілмеген 414 қоқыс орны анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қатты тұрмыстық қалдықтардың ғарыштық мониторингін іске асыру бойынша жұмысты 2018 жылы бастаған. Соған байланысты gharysh.kz мамандандырылған геосервисі құрылды. Ол – мемлекеттік қызметтер мен ұйымдарды қалдықтарды сақтау орындары бойынша мониторингтік ақпаратпен қамтамасыз ететін карталары бар веб-сайт.
Бүгінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, 46 елдімекен мен 290 мың шаршы шақырымнан астам аумақты қамтитын ғарыштық мониторинг жүргізіп келеді.
Жыл сайын мониторинг кезеңі 1 наурыздан 30 қыркүйекке дейін өтеді. Қалдықтардың жиналған орындарын тек жылы мезгілде анықтауға болады. Өйткені қармен көмкерілген суреттер бақылауға жарамайды.
Бұған дейін бірінші жартыжылдықтағы жөн-жосықсыз қоқыс полигондарының ғарыштық мониторингінің нәтижелері жарияланған болатын. Ел аумағы бойынша жаңартылған деректер төмендегі кестеде берілген.