Halyq Uni логотип
×

Көпбалалы отбасыларға 236,2 млрд теңге жәрдемақы берілді

Елімізде орта есеппен 594,8 мың отбасы бар

 Динара Амантай 17.07.2024 | 10:21
Көпбалалы отбасыларға 236,2 млрд теңге жәрдемақы берілді
Фото: Halyq Uni

Биыл көпбалалы отбасыларға 236,2 млрд теңге жәрдемақы берілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік министрлігінің мәліметінше, елімізде орта есеппен 594,8 мың отбасы бар. Оларға жалпы көлемі 236,2 млрд теңге мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы төленді. Оның ішінде маусымда 594,8 мың отбасыға 40 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы берілді.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2024 жылы:

  • 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;
  • 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;
  • 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;
  • 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;
  • 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.

Айта кетсек, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап көпбалалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ға артқан.

Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474,8 млрд теңге қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама