Париж-2024: Қазақ спортшылары Олимпиадада қандай спорт түрлерінен сынға түседі
Жазғы Олимпиада шілдеде басталады
XXXIII Жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Парижде өтеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Қазақстан туын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова ұстап шығады. Еліміздің спортшылары 25 спорт түрінен 92 лицензия жеңіп алды. Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды.
Олар келесі жарыс түрлері бойынша сынға түседі: бокс, дзюдо, спорттық гимнастика, жеңіл атлетика, байдарка мен каноэеде есу, оқпен ату, семсерлесу, грек-рим күресі, еркін күрес, садақ ату, стендтік ату, теннис, велошоссе, жүзу, заманауи бессайыс, таеквандо, велотрек, батут гимнастикасы, бадминтон, академиялық есу, көркем гимнастика, триатлон, үстел теннисі, құзға шығу, брейкинг.
Ал қызық ақпаратқа келсек, ел құрамасы Олимпиадаға қазақстандық шоколадтың арнайы шығарылған партиясын ала кетпек.