Оған қатысы бар барлық адам полицияға жеткізілді
Шымкентте 15 жастағы оқушылар ересек ер адамдарға боди массаж қызметін көрсеткен.
Egovpress Telegram арнасының мәліметінше, жасөспірім қыздар бұл жұмысты интернеттегі хабарландырулар арқылы тапқан. Олар ер адамдарға дене массажын жасап келген. Алайда боди массаждың классикалық массаждан айырмашылығы – онда тұтынушылардың тек денесіне ғана емес, интимдік аймақтарына да массаж жасалады.
Аталған факті биыл мамыр айында анықталды. Қылмыстық іс қозғалды. Оған қатысы бар барлық адам полицияға жеткізілді, - деп хабарлады Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметі.
Сараптама тағайындалып, тергеу жалғасып жатыр.