×

Атырау облысында балабақша басшысы аттестаттаудан өткізу үшін педагогтерден ақша жинаған

Балабақша меңгерушісінің мәселесі қаралады

 Айнұр Асылбекқызы 07.06.2022 | 16:51
Көрнекі фото: nur.kz

Атырау облысының білім беру басқармасы педагогтерден ақша жинау дерегі бойынша Жылыой ауданы білім бөлімінің «Мейірім» бөбекжай – балабақшасына тексеру жүргізді. Бұл туралы Атырау облысы бойынша білім саласындағы сапаны бақылау департаментінің басшысы Гүлназ Сүлейменова мәлімдеді.

Зерделеу барысында балабақша басшысымен, әдіскермен және еңбек ұжымымен әңгімелесіп, балабақша басшысының тарапынан заң бұзушылық болғанын, білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу үшін еңбек ұжымынан ақша жинау дерегі расталған.

Жиналған қаражат білім беру ұжымының қызметкерлеріне қайтарылып, анықталған дерек бойынша хаттама толтырылып, түсініктемелер алынды.

Балабақша меңгерушісінің мәселесі жақын арада Департамент жанындағы білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және әдеп мәселелері жөніндегі консультативтік - кеңесші органда қаралып, нақты шешім шығарылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматыда кептеліс мәселесін шешу жолдары ұсынылды

Қаланың бас полицейі тұрғындар алдында есеп берді
31.03.2023 | 16:35

Павлодарда оқушы қызды екі рет көлік қағып кете жаздады (ВИДЕО)

Көлік жүргізушілеріне 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды
31.03.2023 | 16:25

Елімізде 3 мыңнан астам жұмыскер жалақысын ала алмай жүр

Еңбек инспекторлары 241 кәсіпорынның қарызын анықтаған
31.03.2023 | 16:06

«Алтын алқа» немесе «Күміс алқа» алған аналарға жәрдемақы автоматты түрде беріледі

Қызмет көрсету мерзімі 7 күннен 1 жұмыс күніне дейін қысқарды
31.03.2023 | 15:58