Halyq Uni логотип
×

Қауіп әлі бар: Шегірткемен күрес қалай жүріп жатқаны белгілі болды

Бұған дейін еліміздің бірқатар өңірінде шегіртке қаптаған еді

 Қымбат Елтайқызы 16.07.2024 | 15:59
Қауіп әлі бар: Шегірткемен күрес қалай жүріп жатқаны белгілі болды
Фото: Sputnik / Алексей Куденко

Қазақстанда шегірткенің таралу жағдайы тұрақты бақылауда тұр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Спикердің айтуынша, ведомство үйірлі шегірткелерге қарсы күрес іс-шараларын ұйымдастыру бойынша барлық қажетті шараны қабылдап жатыр. Осылайша, дайындық жұмыстары барысында жоғары тиімділікті көрсеткен пестицидтердің қажетті көлемі уақытылы сатып алынды. Жеткізушілер анықталды, және пестицидтерді сақтау және тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге шарттар жасалды.

Биыл 2,5 млн га алаңда үйірлі шегірткелердің таралуы болжанып отыр. Бұл ретте, ең көп таралу Ақтөбе, Қостанай және Түркістан облыстарында күтілуде. Үйірлі шегірткелердің таралу ошақтарын анықтау бойынша мониторингтік тексерулер 15,1 млн га немесе 17,1 млн га жоспардың 88,4% қамтылъды. Химиялық өңдеу 2,4 млн га алаңда немесе өңдеудің болжамды көлемінің 98,3%-да жүргізілді. Арнайы бүрку техникасының 427 бірлігі пайдаланылады. Іс-шараларға 2500 адам қатысады», - деді Ермек Кенжеханұлы ОКҚ брифингінде.

Шығыс, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Жетісу, Ұлытау және Түркістан облыстарында үйірлі шегірткелерге қарсы күрес іс-шаралары толығымен аяқталды. Жамбыл және Түркістан облыстарында мароккалық шегірткеге қарсы, Алматы, Жетісу, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында азиялық шегірткеге қарсы химиялық өңдеу аяқталды. Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды және Қостанай облыстарында итальяндық прусқа қарсы химиялық өңдеу жалғасып жатыр, деді Ауылш шаруашылығы министрлігі.

«Қазіргі уақытта Ақтөбе және Қостанай облыстарында қатты жаңбыр жауады. Жаңбыр мен қатты жел бақылау мен химиялық өңдеуге мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, шегірткелердің өсуі мен дамуы баяулады, бірақ тоқтаған жоқ. Шегірткенің таралуы және өңдеу аймағы ұлғаюының белгілі бір қауіптері бар», - деді вице-министр.

Осыған байланысты шамамен 500 мың га алаңда күрес іс-шараларын жүргізу үшін пестицидтер резерві құрылды. Өңірлерге қосымша техника жіберілді. Жағдай бақылауда тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама