Halyq Uni логотип
×

Айтқали Маймышев Мәскеу түрмесінде «Киелі кітапты» аударып жатыр

Ол тілшіге шығармашыл адам екенін айтты

 Дастан Жұмабекұлы 07.06.2022 | 16:32
Айтқали Маймышев Мәскеу түрмесінде «Киелі кітапты» аударып жатыр
Фото: youtube.com

Ресейлік БАҚ-та Мәскеудің «Водник» тергеу изоляторында отырған «Леха Семипалатинский» деген лақап атымен танымал қылмыстық әлемнің «авторитеті» Айтқали Маймышев туралы хабар шықты.

Жақында «Московский комсомолец» газетінің тілшісі басылымның тапсырмасымен түрменің тыныс-тіршілігімен танысыруға барғанда Айтқали Маймышевпен кездейсоқ кездесіп қалғанын айтты. Бұл туралы ол «Московский комсомолец» газетіне жазды.

Мақалада «Леха Семипалатинскийдің» оған өзі аударған кітапты көрсеткені айтылған.

Ол кітапты маған ғана емес, менімен бірге түрмені аралаған уақытша қамау изоляторының қызметкерлері мен  құқық қорғаушыларға көрсетті , - делінген мақалада.

Тілшіге Айтқали Маймышев «Киелі кітапты» аударып жатқанын айтыпты. Сосын өзін кінәлі еместігін, түрмеде заңсыз ұсталып отырғанын ескертіпті.

Маймышев маған Қазақстанға барғысы келетінін сыбырлады. «Мен мұнда заңсыз ұсталып отырмын деп ойлаймын. Мен Қазақстан азаматымын. Түркияда тұрамын. Ресейде мен транзитпен жүрдім. Алтай тауларында болдым. Оны өте жақсы көремін», деп айтты, - деді ол.

Мәскеу түрмесінде Маймышев жарты жылдан бері қамауда отыр. Оған 228 («есірткі сатып алу және иемдену») және 210.1 («қылмыстық иерархияда жоғары лауазымға ие» ) деген баптар бойынша айыптар тағылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама