Алматы облысында алапат өрт болды
Өрттің ауданы – 400 шаршы метр
Алматы облысының өрт сөндірушілері ірі өртті сөндірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Іле ауданында құрылыс қоқысы өртеніп, оның алауы жеке тұрғын үйге және салынып бітпеген ғимараттың шатырына ауысқан.
398 шаршы метр алаңдағы өрт ТЖМ қызметкерлерінің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында толықтай сөндірілді Зардап шеккендер жоқ, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Өрттің себебі анықталып жатыр.