×

Қосшыда 6 жасар бала терезеден құлап кетті

ТЖМ ескерту жасады

 Динара Амантай 16.07.2024 | 11:30
Фото: Halyq Uni

Ақмола облысында 6 жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін Ақмола облысының Қосшы қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің аумағында болған. Бала түрлі жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

ТЖМ ескертеді:

  • кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  • ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған;
  • балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.

Еске сала кетсек, бұған дейін елімізде 102 бала терезеден құлап кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама