Жазда балаларға қанша сағат жұмыс істеуге рұқсат етіледі
Жазғы кезеңдегі балалар еңбегіне қатысты маңызды ақпарат жарияланды
Қазір көптеген бала ерте жастан бастап, әсіресе қиын өмірлік жағдайларда жұмыс істей бастайды. 90% жағдайда балалар өз құқықтарын білмейді және табыс табу үшін кез-келген жұмысқа келіседі. Бұл көбінесе жосықсыз жұмыс берушілердің қанауына және заң бұзуына әкеледі, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Қазақстанның Еңбек кодексінде балалар еңбегін заңсыз пайдалануға жол бермеу мақсатында еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас айқындалды, деп мәлімдеді Балалар құқығын қорғау комитеті.
Еңбек кодексінің 69-бабына сәйкес, 14 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге аптасына 24 сағаттан, 16 жастан 18 жасқа дейін аптасына 36 сағаттан артық жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Сондай-ақ, еңбек заңнамасында түнгі уақыттағы жұмысқа (сағат 22.00-ден 6.00-ге дейін) үстеме жұмысқа, жұмыс уақытының жиынтық есебі кезіндегі жұмысқа, вахталық әдіспен жұмысқа, қоса атқаратын жұмысқа тыйым салу көзделген, – деп толықтырды комитет.
«Әрбір баланың қанаудан аулақ болуы және денсаулығын сақтау үшін өз құқықтарын білуі маңызды. Заңсыз балалар еңбегі − жұмыс берушіні жазалауға және балаларды көптеген ауруға әкелетін күрделі мәселе. Егер сіз денсаулыққа зиян қызметпен айналысатын балалар туралы білсеңіз, бұл туралы еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекторға немесе Оқу-ағарту министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитетінің 74-25-28 телефон нөміріне хабарлай аласыз», деп түйіндеді ведомство.