×

«Алматы-Екатеринбург» жолында 3 көлік соқтығысты

Салдарынан 9 адам зардап шекті

 Динара Амантай 16.07.2024 | 10:56
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

«Алматы-Екатеринбург» жолында 3 көлік соқтығысып, салдарынан 9 адам зардап шекті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін апаттар медицинасы орталығының шұғыл әрекет ету бригадасы «Алматы-Екатеринбург» автожолында болған жол-көлік оқиғасына барды. Анықталғандай, оқиға орнында 3 көлік соқтығысқан.

Құтқарушылар зардап шеккен 9 адамға, оның ішінде 3 балаға шұғыл медициналық көмек көрсетті. Оларды ауруханаға жатқызу қажет болмады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама