×

Алакөлге қатынайтын пойыз әлі іске қосылмаған

Бүгінде қазақстандықтар бұл жерге тек көлікпен бара алады

 Дәурен Ерболат 07.06.2022 | 16:29
Фото: kazakhstan.travel

Туристер Алакөлге пойызбен бара алмай отыр, деп хабарлайды «Атамекен» ҰКП.

Биыл 2 наурызда демалыс аймағына «Тальго» пойызы жүретіні хабарланған. Алайда бірнеше ай өтсе де пойыз іске қосылмаған.

«2022 жылы ақпанла туроператорларға қолданыстағы теміржол рейстеріне билеттердің жеткіліксіздігі мәселесін шешуге уәде берілді. Күн ара №211/212 «Алматы-Достық» және аптасына 3 рет №453/454 «Алматы-Достық» қосымша екі «Тальго» пойызын іске қосу туралы шешім қабылданды», – деді Атамекен» ҰКП Туризм департаменті директорының орынбасары Елена Михнова.

«Тұран-Экспресс» ӨК ЖШС атқарушы директоры Раушан Сартаева Алакөлге баратын пойыздың билеттері жүйеде 45 күн бұрын пайда болуы тиіс болған, бірақ бұл билеттер әлі жоқ.

«Егер пойыздар белгіленген мерзімде жүре бастағанда, жүйеде билеттер 1-5 мамырда пайда болуы керек еді. Қазір демалыс аймағына жайлы жетуді қалайтын туристер бізге үнемі хабарласып жатыр. Олар «Тальго» іске қосылғаны туралы хабарламаларды көрген. Бірақ біз кешірім сұрап, пойыздардың жоқ екенін айтып, түсіндіріп жатырмыз», - деді басшы.

Бүгінде туристер демалыс аймағына көлікпен барып жатыр.

Сондай-ақ Елена Михнова аталған демалыс аймағына қазақстандықтар ұшақпен де бара алмайтынын жеткізді.

Қазір Үшарал қаласы мен Үржар кентінің әуежайлары жабық тұр.  Демек негізгі сұраныс теміржол тасымалына түседі. Туроператорлар қосымша пойыздардың болмауына, демалыс аймағындағы үлкен сұранысқа алаңдаулы, - деді «Атамекен» ҰКП Туризм департаменті директорының орынбасары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама