×

Қазақстандық ғалым Токиода марапатталды

Ол сыйлықты ғылым саласындағы зор еңбегі үшін алды

 Қымбат Елтайқызы 16.07.2024 | 10:30
фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Токиода ЕҰУ профессорына геотехника саласына қосқан үлесі үшін сыйлық берілді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Жапония астанасы Токиода Еуразия ұлттық университетінің профессорына ЕҰУ геотехникалық институтының директоры Асқар Жүсіпбековке жапондық геотехникалық және қазақстандық геотехникалық қауымдастықтар арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықты нығайтудағы ерекше еңбегі үшін Жапон геотехникалық қауымдастығының сыйлығы берілді. Марапатты Жапония геотехникалық қауымдастығының президенті Юничи Косеки тапсырды, деп мәлімдеді Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Профессор Асқар Жүсіпбековтің күш-жігерінің арқасында ЕҰУ-дың 20 докторанты Жапонияның жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтті. Сондай-ақ 20-дан астам жапондық профессор Қазақстанның жоғары оқу орындарында дәріс оқыды. Киото университетімен және Осака қаласындағы гео-зерттеу институтымен бірлесіп, Астана үшін геоақпараттық деректер базасы әзірленді, – деп толықтырды ведомство.

ЕҰУ ғалымы 20-дан астам жапон университеті мен ірі жапон геотехникалық орталықтарында дәріс оқыды. Оның ғылыми жетекшілігімен Жапония, Тайвань, Түркия, Тәжікстан, Ирак, Үндістан, Камбоджа, Ресей, Беларусь және әлемнің басқа елдерінен докторанттардың докторлық диссертациялары қорғалды. Сондай-ақ Жапонияда, Қазақстанда және әлемнің басқа елдерінде, атап айтсақ Австралия, Гонконг, Оңтүстік Корея, Ресей, Тайвань, АҚШ, Польша, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка және әлемнің өзге де елдерінде 30-дан астам халықаралық геотехникалық конференция ұйымдастырылды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама