Биыл сахнада жүргеніне 70 жыл толады, дейді ол
Әнші Роза Әлқожа Нұрғали Нүсіпжановпен кездесіп, оның қазіргі жағдайын айтты. Эстрада дүлділі алаяққа алданып, бүгінде пәтерде жүргені белгілі болды.
Роза Әлқожа Нұрғали Нүсіпжановпен кездескен сәтінің виедосын Instagram-дағы парақшасында жазды.
Сазгер, әнші, ұстаз Бағлан Бәбіжан құрбымыз біраздан бері «ағаға барып қайтайық» деп жүрген. Кеше соның сәті түсті. Халық әртісі, бүгінгінің аңызы Нұрғали Нүсіпжанов ағамызға сәлем беріп бардық. Биыл сахнада жүргеніне 70 жыл толады екен. Өзі 87-ге келіпті.
Ағадан бата алып, ырымдап жатыр. Біз кейде қасымыздағының қадірін білмей, жеке қалдырып, құса қылып жатамыз, неге деген сұрақ туады осындайда?! Аға жер үй сатып алсам деп жинаған бар ақшасын Шәуілдірден келген бір алаяққа беріп, енді соны ала алмай пәтерде жүр екен, - деп жазды Роза Әлқожа.