Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды
Елорда тұрғыны бұрынғы енесінің алтын бұйымдарын ұрлаған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 22 жастағы бойжеткен бұрынғы енесінің үйінен құны 1 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымдарды алып кеткен. Ұрының олжасы алқа, жүзік, екі жұп сырға, екі ер жүзігі болған.
Жәбірленушінің айтуынша, бұрынғы келіні ұлымен ажырасқан соң, әкесімен қалған балаларына қонаққа келген. Ол үйге келген сайын алтын бұйымдарды алып, ломбардқа тапсырып отырған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында Нұра ауданының полицейлері ұрлық жасаған келіншекті анықтаған. Ол кінәсін мойындап, заттай айғақтар алынып, иесіне қайтарылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, – делінген хабарламада.
Астана қалалық полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды және оңай қол жететін жерлерде бағалы заттарды қалдырмауды ескертеді.