Halyq Uni логотип
×

Педагогтер діни экстремизмнің алдын алумен де айналысуы мүмкін

Бұйрық жобасы 29 шілдеге дейін талқылауға шығарылған

 Халық үні 15.07.2024 | 17:04
Педагогтер діни экстремизмнің алдын алумен де айналысуы мүмкін
Фото: Halyq Uni

Педагогтер білім беру нысандарында діни экстремизмнің алдын алумен де айналысуы мүмкін. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің «Ашық НҚА» порталында жарияланған бұйрық жобасында айтылған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Құжат орта білім беру ұйымдарында мектеп директоры орынбасарларына, пән мұғалімдеріне, әдістемелік орталық басшысы орынбасарларына, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдардың жастар жөніндегі инспекторларына діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі міндеттерді беруді көздейді. Бұл рухани-адамгершілік құндылық, толеранттылық, сондай-ақ экстремизмнің алдын алу бойынша педагогикалық қызметтің түрін ұйымдастыруды іске асыруға бағытталған.

Сондай-ақ педагогтерге «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңды білу талабы енгізіледі.

Құжатта педагогтердің енді атқаратын қызметіне орта білім беру ұйымдарында діни экстремизмнің алдын алуды жүзеге асыру, білім алушыларға және тәрбиеленушілерге рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіру талабы қосылады.

Бұйрық жобасы 29 шілдеге дейін талқылауға шығарылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама