×

Марат Әйтеновтің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Ол әкімшілік соттың шешімімен 5 күнге қамалған

 Халық үні 15.07.2024 | 15:27
Фото: Halyq Uni

«Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры экс-топ менеджері Марат Айтеновтің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Астана полициясы хабарлады.

Полиция департаменті бұрынғы жұбайын жарақаттағаны үшін ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғаған.

Қазір тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар әкімшілік соттың шешімімен Әйтенов құқыққа қайшы әрекет жасағаны үшін 5 күнге қамалды.

Айта кетейік, Марат Әйтенов «Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары,  «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарған. Сондай-ақ «Астана-қаржы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Альянс Банк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болған. Ол – Шымкенттің бұрынғы әкім Мұрат Әйтеновтің ағасы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама