×

Бала күтіміне және жүктілікке берілетін төлем көбейеді

Қазір жәрдемақыны көбейту мәселесі қарастырылып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 07.06.2022 | 15:24
фото: ашық дереккөз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жүктілікке, босануға, жұмысынан айырылуына және бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдердің көбейетінін хабарлады.

Бұл туралы ол Үкімет отырысында айтты.

Оның айтуынша, қазір жәрдемақыны көбейту мәселесі қарастырылып жатыр. Әйелдерге жүктілігі үшін әлеуметтік төлемдер бір жыл бойы берілсе, басқа жәрдемақыны екі жыл алады.

Әйелдерге берілетін тиісті төлемдердің бәрі сақталады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық тұрақтылығын ескеріп, жұмыстан айырылу, жүктілік және босану, бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша МӘСҚ-дан төленетін әлеуметтік төлемді көбейтуді жоспарлап отырмыз, – деді министр.

Оның айтуынша, бұл декретте отырған әйелдерге жалақының көп бөлігін алуға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Иесі қарапайым адам емес...». Өскеменде 6 жасар қызды алабай талап өлтірген

Мамандар оған бұралқы емес, иесі бар иттің шабуылдағанына сенімді
29.01.2023 | 14:05

Ақтаудың іргесінде бірнеше иттің өлексесі жайрап жатыр (ВИДЕО)

Жануарларды қорғаушылар мәселеге облыс әкімдігі мен полиция қызметкерлерінің назар аударуын сұрады
29.01.2023 | 12:35

Украина Қарулы күштері ресейлік 800 сарбазды жойып жіберді

Бахмут, Соледар және Вугледар (Угледар) елді мекендері үшін әлі кескілескен ұрыс қимылдары болып жатыр
29.01.2023 | 11:41