Halyq Uni логотип
×

Халықаралық іздеу жарияланған ер адам Грузиядан елге жеткізілді

Ол 2022 жылы тамызда Теміртауда көлік ішінде танысын пышақтаған

 Халық үні 15.07.2024 | 10:32
Халықаралық іздеу жарияланған ер адам Грузиядан елге жеткізілді
Фото: pexels.com

Адам өлтіруге оқталған күдікті Қазақстанға Грузиядан экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Бұрын қарақшылық жасағаны үшін сотталған күдікті 2022 жылы тамызда Теміртау қаласында танысын пышақтаған.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті тергеуден жалтарып, оған халықаралық іздеу жарияланған. 2023 жылдың қазанында ол Грузияда ұсталды, – делінген ақпаратта.

Бас прокуратураның сұрауы бойынша Грузия тарапы оны Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Қазір ол Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте 2020 жылы күш қолдану арқылы бойжеткенді зорламақ болған ер адам Грузиядан экстрадицияланды.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама