×

ШҚО-да өрт кезінде ер адам зардап шекті

Ол улану белгіліерімен ауруханаға жеткізілді

 Динара Амантай 15.07.2024 | 10:25
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында өрттен ер адам құтқарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Өскеменде Заводская көшесі бойындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққан.

ТЖМ қызметкерлері барлау кезінде тұрғын үйден 1992 жылы туған ер адамды тауып, құтқарды. Ол түтінге улану белгілерімен жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды, – делінген хабарламада.

Өрт толықтай сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама