Halyq Uni логотип
×

Тұрғын үйді мемлекеттік сатып алу туралы хабарлау мерзімі қысқарады

Құжат жобасы 26 шілдеге дейін талқылауға шығарылған

 Халық үні 15.07.2024 | 10:10
Тұрғын үйді мемлекеттік сатып алу туралы хабарлау мерзімі қысқарады
Фото: Halyq Uni

Елімізде тұрғын үйді мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыруды жариялау мерзімі қысқарады. Құжат жобасы «Ашық» НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қаржы министрінің бұйрық жобасына сәйкес, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгеріс енеді. Оның ішінде жеке тұлғаға тиесілі тұрғын үйді мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыруды ұйымдастырушы өтінім беру уақыты аяқталғанға дейін 5 күннен кешіктірмей орналастыруы керек. Бұған дейін веб-порталда 30 күннен кешіктірмей жариялау қажет болған.

Айта кетейік, ақпарат қазақ және орыс тілдерінде ұсынылуға міндетті және ол бірнеше ақпаратты қамтиды.

Оның ішінде сатып алынатын тұрғын үй орналасқан мекенжайды көрсету, тұрғын үйді мемлекеттік сатып алу үшін бөлінген сомасы көрсетілуі керек. Сондай-ақ мүліктің сипаттамасы мен сатып алу мерзімі, сатып алу үшін өтінім беру басталатын және аяқталатын уақыт көрсетілуге тиіс.

Ал бұл жобаның мақсаты – ұйымдастырушының тұрғын үйді мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыруды веб-порталда орналастыру мерзімдерін қысқарту. Құжатты қабылдау республикалық бюджеттен қаржы бөлуді талап етпейді.

Құжат жобасы 26 шілдеге дейін талқылауға шығарылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама