Қазір ол жансақтау бөлімінде ем алып жатыр
Маңғыстау облысындағы ауылда өз күйеуі пышақтап тастаған әйелге қатысты жаңа мәлімет белгілі болды, деп хабарлады mangystaumedia.kz.
Дәрігерлердің айтуынша, ол жүкті болған. Сол жақ іш қабырғасы мен кеуде қуысы қатты жарақаттанған. Облыстық аурухана дәрігерлері шұғыл ота жасады.
Облыстық аурухана баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйелдің өкпе тіндері, диафрагмасы мен бауырына зиян келген.
Сонымен қатар науқастың аяқ-қолы бірнеше жерден пышақ жарақатын алған. Әйел жүктіліктің 10-аптасында болған. Операциядан кейінгі жағдайы тұрақты ауыр. Ақыл-есі сау, біркелкі. Гемодинамикасы тұрақты. Қазір жансақтау бөлімінде ем алып жатыр, - деп мәлімдеді аурухананың баспасөз қызметі.