Полиция қызметкерлерінің іс-әрекетіне қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр
Маңғыстау облысында ер адам әйелін пышақтап тастады, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Зайыбына пышақ салу дерегі бойынша күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Кісі өлтіруге оқталу дерегімен қылмыстық іс қозғалды, - деп жазылған хабарламада.
Жәбірленуші ауруханада жатыр, қазір оның жағдайы тұрақты. Ал полиция қызметкерлерінің іс-әрекетіне қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр.
Тексеріс нәтижесіне қарай құқықтық баға беріледі, - деп толықтырды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.