Алматы облысында пішен өртенді

Қымбат Елтайқызы

Оқиғаның себебі анықталып жатыр

фото: ТЖМ

Алматы облысының өрт сөндірушілері пішен өртін сөндірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Жайсан ауылының жеке тұрғын үйлерінің бірінің аумағында шатыр астында жиналған шөп жанды, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында 32 шаршы метрлік от толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталып жатыр, – деп толықтырды ведомство.

Төтенше жағдай болған жағдайда 112 нөмеріне хабарласыңыздар, деп ескертті мамандар.