Динара Зәкиева оқиғаның мән-жайын түсіндірді
Қазақстанның балалар омбудсменінің атынан алаяқтар хабарлама таратқан, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Танымал WhatsApp мессенджерінде Динара Зәкиеваның жалған аккаунты пайда болды. Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл азаматтарды сақ болуға шақырды.
«Құрметті достар! Сіздерді, адамдарды алдап, менің атымнан хабарламалар тарату үшін жалған WhatsApp аккаунты ашылғаны туралы ескертемін. Бұл – алаяқтар. Менің жалғыз WhatsApp нөмірім – 8 705 884 7040. Менің атымнан басқа нөмірлерден келіп түскен қандай да бір хабарламаларға назар аудармаңыздар», – деп жазды Динара Зәкиева өзінің Facebook парақшасында.