Абай облысында төрт күнде 3 мың рет жол ережесі бұзылған
Оның ішінде мас күйінде көлік тізгіндеудің 8 фактісі тіркелген
Абай облысында жол қозғалысы қауіпсіздігі және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полицейлер «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу іс-шараларын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
4 күн ішінде тәртіп сақшылары 3 мың ереже бұзушылықты анықтап, жолын кесті. Оның ішінде көлікті мас күйінде басқарудың 8 фактісі тіркелді, деп мәлімдеді Абай облысының полиция департаменті.
Полицейлер жаяу жүргіншілермен де жұмыс жүргізіп жатыр. Іс-шара барысында жаяу жүргіншілер 130-дан астам жол қозғалысы ережесін бұзуға жол берді. Барлық құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК 615-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп толықтырды ведомство.
Қазақстанның мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін 38 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Облыстың 2156 тұрғынына белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кеткені үшін айыппұл салынды.
ҚР ІІМ нұсқауларын орындау мақсатында Абай облысының аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы 2024 жылғы 15 шілдеге дейін жалғасады.