×

Грант конкурсының бірінші күні 14 мың талапкер құжат тапсырды

Өтініш қабылдау науқаны кеше басталған еді

 Қымбат Елтайқызы 14.07.2024 | 13:40
фото: 24.kz

Қабылдау комиссиялары бүгін де өз жұмысын жалғастырады. Конкурстың бірінші күні 14 мыңға жуық құжат қабылданды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Құжаттарды қабылдау: еGov арқылы онлайн форматта, жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асырылады. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарында виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейді. Құжаттарды кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы тапсыруға болады, деп мәлімдеді Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Отандық жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификаты, 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық пен кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом), сондай-ақ, жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынады, – деп толықтырды ведомство.

Бүгін білім гранты конкурсына құжат қабылдана бастады. Грант конкурсына қатысу үшін 10 мың талапкер құжат тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама