×

Елордадағы Қараөткел көпірі бір айға жартылай жабылады

Жөндеу жұмыстары жүргізіледі

 Қымбат Елтайқызы 14.07.2024 | 12:35
фото: Newtimes.kz

Астанада Қараөткел көпіріндегі жол төсеміне жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бас қаланың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ж.Тәшенов көшесінен Қалқаман көшесіне дейінгі Қараөткел көпіріндегі жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп мәлімдеді елорда әкімдігі.

Осыған байланысты 14 шілдеден 15 тамызға дейін жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да жүзеге асырылады, – деп толықтырды ведомство.

Астана тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама