×

Талдықорғанда көлік түгі қалмай жанып кетті

Оқиғаның себебі анықталып жатыр

 Қымбат Елтайқызы 14.07.2024 | 11:29
фото: ТЖМ

Жетісу облысының өрт сөндірушілері автокөлік өртін сөндірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бүгін Талдықорған қаласында жеңіл автокөліктің мотор бөлшектері жанды, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

ТЖМ күштері шақырту түскен сәттен бастап 13 минут ішінде отты сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Жалынның себебі анықталып жатыр, – деп толықтырды ведомство.

Жол көлігінде төтенше жағдай болған жағдайда 112 телефонына хабарласыңыздар, деп ескертті министрлік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама