Голливуд жұлдызы үйінде жылқы ұстайды екен
Астанаға ұшып келген танымал америкалық актер Эрик Робертс (Джулия Робертстің ағасы) «Голос народа» редакциясына берген сұхбатында жылқы өсірумен айналысатынын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Ол Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының таныстырылымына қатысып, жылқыларға деген сезімін бөлісті.
Голливуд жұлдызы бұл оның басты қызығушылығы екенін атап өтті.
Мен жылқыларды ерекше жақсы көремін. Мен олардың қасында өстім және қазір өзімнің екі араб жүйрігім бар. Мен жиі атқа мінемін әрі олар жайлы бәрін білемін, - деді Эрик Робертс.
Актер бұрын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында болмағанын және Ұлттық спорт қауымдастығының шақыртуына қуанғанын жеткізді.
Эрик Робертс ойындардың басталуын асыға күтетінін айтты.
«Жоқ, мен бұл ойындарды болған жоқпын. Шақыртуларыңызға рахмет. Мен келуді жоспарлап отырмын», - деп түйіндеді актер.
Бұған дейін Голливуд жұлдызының Астанаға келгені туралы жазған едік.