×

Жол ережесін өрескел бұзған Түркия азаматы жазаланды

Оқиға Павлодарда болды

 Қымбат Елтайқызы 13.07.2024 | 10:41
фото: Halyq Uni

Түркия азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты Түркия азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады (ӘҚБтК 596-б. 3-б.). Сот отырысында Lexus GS 300 маркалы көлікті басқарған жүргізуші А.-ның екі жақты жолда келе жатып, қарсы қозғалысқа арналған жолдың бағытына шығып кеткені анықталды, деп мәлімдеді Павлодар облыстық соты.

Сот отырысында А. әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы өз кінәсін ішінара мойындады және оның бұрылуға ниеті болғанын, жолдың қарама-қарсы қозғалысқа арналған жолдың үзік сызығына дейін жүріп өткенін әрі ешқандай кедергі болмағандықтан бұрылып, өз жолағына шыққанын көрсетті. Осы маневрмен жол жүру ережелерін бүзғанын білмеді. Істеген ісіне өкінеді. ӘҚБтК-і 596-бабы 3-бөлігінің санкциясы 6 ай мерзімге көлік басқару құқығынан айыру түріндегі жауапкершілікті көздейді, – деп толықтырды сот.

Сот қаулысымен А. ӘҚБтК-нің 596-б. 3-б. көзделген (жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына, оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу) әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған көлік басқару құқығынан 6 ай мерзімге айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама