Астанада 30 жазасын өтеуші жұмысқа орналасты
Мемлекеттік органдардың өкілдері жұмысқа орналасу барысында туындайтын проблемалық мәселелерді талқылады
Астанада пробация қызметкерлері 30 жазасын өтеушіні жұмысқа орналастырды. Бұл туралы Астана бойынша ҚАЖД басшылығы «Еңбек ұтқырлығы орталығының», сондай-ақ ІІМ Қылмыстық іздестіру департаментінің «Еңбек» РМК өкілдерімен болған жұмыс кездесуі кезінде айтылды.
Құзырлы ведомство пробация қызметінің негізгі міндеттерінің бірі пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу екенін нақтылады.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – сотталғандардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, тәуекел тобында тұрған сотталғандардың қайталап қылмыс жасауына жол бермеу. Мемлекеттік органдардың өкілдері жұмысқа орналасу барысында туындайтын проблемалық мәселелерді талқылады. Аталған іс-шараға Астана қаласы бойынша ҚАЖД-ның пррбация қызметі басшылығы мен аудандық пробация қызметінің басшылары қатысты, - делінген хабарламада.