×

Жел күшейіп, бұршақ жауады: үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

Алматыда түнде 18...20 градус жылы, ал күндіз өткінші жаңбыр жауады

 Халық үні 12.07.2024 | 17:30
© Pixabay

13-15 шілдеде еліміздің басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауады. Тек солтүстік-шығыс және шығыста жауын-шашын жаумайды. Мұндай болжамды «Қазгидромет» мамандарды жасады.

Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығыстында, орталығында және солтүстік-батысында, 13 шілдеде батысында кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша найзағай, бұршақ, дауыл және жел күшейеді деп болжанды.

Оңтүстікте ауа температурасы күндіз +20...+35°С дейін төмендеуі мүмкін, қалған аумақта өзгерістер болмайды.

ІРІ ҚАЛАЛАРДАҒЫ АУА РАЙЫ

13 шілдеде Астанада ауа температурасы түнде +17...+19 градус жылы болады. Желдің жылдамдығы – 9-14 м/с. Күндіз +31...+33 градус жылы.

Алматыда түнде 18...20 градус жылы, ал күндіз өткінші жаңбыр жауады, ауа температурасы +31...+33 градусқа жетеді.

Шымкентте түнде дауыл болып, өткінші жаңбыр жауады. Ауа температурасы +20...+22 градус. Ал күндіз +34...+36 градусқа жетеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама