×

Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевқа қатысты тергеу аяқталды

Бекетаев 2016-2022 жылдары Әділет министрі болды

 Халық үні 12.07.2024 | 16:52
Фото: kursiv.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бекетаев жеке компания басшылығымен бірге бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды, алаяқтық жасады және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты деген күдікке ілінген.

Айта кетейік, экс-министр 2023 жылдың қазанында қамауға алынды. Содан кейін Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев экс-министр Марат Бекетаевтың елден қашпақ болғанда ұсталғанын айтты.

Мемлекетке ірі көлемде залал келтірді, өкілеттігін теріс пайдаланды деген деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шынымен де экс-министр Марат Бекетаев елден қашпақ болғанда ұсталды. Қылмыстық-процестік кодекс бойынша тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды, - деді Әсет Шындалиев Сенат кулуарында.

Марат Бекетаев 2016-2022 жылдары Әділет министрі болды. Қаңтар оқиғасынан кейін Әділет министрі лауазымынан босатылып, 2022 жылдың соңына дейін ҚР премьер-министрінің кеңесшісі лауазымын атқарды.

Сондай-ақ агенттік бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов пен мердігер ұйымның басшылығына қатысты лауазымдық өкілеттін асыра пайдаланды және бюджет қаражатын жымқырды деген күдік бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

1 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралардың нәтижесі бойынша Мәдениет және спорт экс-вице-министрі Қожағапановты ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама