Halyq Uni логотип
×

Бірнеше өңірде жүк көлігі қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Шектеу өңірге байланысты 1 маусымнан 31 тамызға дейін жалғасады

 Халық үні 12.07.2024 | 16:32
Бірнеше өңірде жүк көлігі қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі
Фото: caspianlife.kz

Бірқатар өңірде жүк көліктері қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлады.

Ұлттық компания жыл сайын жаз мезгілінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізеді. Бұл жолдың сақталуына және күн ыстық кезде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Шектеу өңірлерге байланысты 1 маусымнан 31 тамызға дейін, 1 маусымнан 15 тамызға дейін енгізіледі.

Жыл сайын 1 маусым мен 31 тамыз аралығында, ауа температурасы 25°С жоғары болған кезде сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін келесі аймақтарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер енгізіледі:

  • Алматы облысы;
  • Атырау облысы;
  • Жамбыл облысы;
  • Жетісу облысы;
  • Ұлытау облысы;
  • Қызылорда облысы;
  • Түркістан облысы;
  • Маңғыстау облысы.

1 маусым мен 15 тамыз аралығында, ауа температурасы 25°С жоғары болған кезде сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін келесі аймақтарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер енгізіледі:

  • Абай облысы;
  • Ақмола облысы;
  • Ақтөбе облысы;
  • Шығыс Қазақстан облысы;
  • Батыс Қазақстан облысы;
  • Қарағанды облысы;
  • Қостанай облысы;
  • Павлодар облысы;
  • Солтүстік Қазақстан облысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама