ҰҚК терроризмді насихаттады деген күдікпен бес адамды ұстады (ВИДЕО)
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр
Ұлттық қауіпсіздік комитеті еліміздің бірнеше өңірінде 4 қазақстандық пен бір шетелдікті ұстады.
Комитет шілдеде Астана, Шымкент қаласы, Атырау және Жамбыл облысында бірқатар іс-шара өткізген.
Жедел қызметкерлер террористік әрекеттерге қатысуға, терроризмді насихаттауға, экстремистік әрекеттерді ұйымдастыруға және осы мақсатта адамдарды тартуға күдікті ретінде Қазақстанның 4 азаматын мен 1 шетелдікті ұстады және қамауға алды, - делінген ақпаратта.
Олардың тұрғылықты жерінен көптеген діни-экстремистік кітаптар мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды.
Күдіктілердің бірі бұған дейін шет мемлекет аумағында соғыс әрекеттеріне қатысып, ол үшін Қазақстанда сотталған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.