×

Тоғжанов жаңа Қазақстанды құратын «ескі Үкіметтің» жұмысын «төрттікпен» бағалады

Көпшіліктің пікірінше, жаңа Қазақстан құру үшін саяси реформалар жеткіліксіз

 Еркеғали Болатұлы 07.06.2022 | 13:34
фото: Владислав Воднев

Үкімет кулуарында журналистер премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтан ескі Үкіметпен жаңа Қазақстанды қалай құруға болатынын және министрлер кабинетінің жұмысын қаншаға бағалайтынын сұрады.

Жаңа Үкіметте басқа жақтан келген адамдар отыруы керек деп ойлайсыздар ма? Менің ойымша, қазір Үкімет жаман жұмыс істеп жатқан жоқ. Бес балдық шкала бойынша Үкімет «төртке», яғни жақсы жұмыс істеп жатыр, - деп жуап берді ол.

Айта кетсек, 5 маусымда Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның өткені мәлім. Оған дейін мемлекет басшысы референдум арқылы халық ел тағдырын шешетінін, жаңа Қазақстанды құруға қадам жасайтынын айтқан болатын. Алайда әлеуметтік желіде қазақстандықтар қазіргі Үкіметтің құрамын жиі сынға алып жүр.

Көпшіліктің пікірінше, жаңа Қазақстан құру үшін саяси реформалар жеткіліксіз, биліктегі шенеуніктер де толығымен жаңаруы керек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама