Ер адамның алимент бойынша берешегі 2,5 млн теңгеден асқан
Жетісу облысында алимент төлемеген ер адам бір жылға сотталды. Бұл туралы облыс прокуратурасы хабарлады.
Сот үкімімен борышкер «T» кәмелетке толмаған екі баласын асырау үшін алимент төлеу жөніндегі міндеттерін 3 жыл бойы орындамағандықтан бір жылға бас бостандығыннан айырылды, - делінген ақпаратта.
Ер адамның алимент бойынша берешегі 2,5 млн теңгеден асқан.
Қылмыстық кодексінің 139-бабы («балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі жүргізіліп, сотқа жолданған.
Айта кетейік, ел бойынша сот орындаушыларда 291 мың алимент өндіріп алу туралы іс жүргізу құжаты бар. Оның ішінде 281 мың борышкер – ер адам және 11 мыңнан астам борышкер – әйел. Жыл басынан бері проблемалық алименттер саны бойынша 16 197 іс өндіріске алынып, қарыз мөлшері 20,7 млрд теңгеге жеткен.