Halyq Uni логотип
×

Жетісу облысында алимент төлемеген ер адам бір жылға сотталды

Ер адамның алимент бойынша берешегі 2,5 млн теңгеден асқан

 Халық үні 11.07.2024 | 17:21
Жетісу облысында алимент төлемеген ер адам бір жылға сотталды
Фото: Halyq Uni

Жетісу облысында алимент төлемеген ер адам бір жылға сотталды. Бұл туралы облыс прокуратурасы хабарлады.

Сот үкімімен борышкер «T» кәмелетке толмаған екі баласын асырау үшін алимент төлеу жөніндегі міндеттерін 3 жыл бойы орындамағандықтан бір жылға бас бостандығыннан айырылды, - делінген ақпаратта.

Ер адамның алимент бойынша берешегі 2,5 млн теңгеден асқан.

Қылмыстық кодексінің 139-бабы («балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі жүргізіліп, сотқа жолданған.

Айта кетейік, ел бойынша сот орындаушыларда 291 мың алимент өндіріп алу туралы іс жүргізу құжаты бар. Оның ішінде 281 мың борышкер – ер адам  және 11 мыңнан астам борышкер – әйел. Жыл басынан бері проблемалық алименттер саны бойынша 16 197 іс өндіріске алынып, қарыз мөлшері 20,7 млрд теңгеге жеткен

Серіктес жаңалықтары

Сараптама