Түркістан облысында мопед пен электроскутер жүргізушілері жазаланды
300-ден астам адам жазаға тартылды
Түркістан облысында 300-ден астам мопед және электроскутер жүргізушілері жауапқа тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін жиі бұзатын, көбінесе жол қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін елемей, қайғылы жағдайға әкелетін мопед, мотороллер мен электроскутер жүргізушілеріне назар аударды, деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі.
Облыста жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстары аясында полицейлер жол қозғалысы ережесін бұзған 300-ден астам мопед және электроскутер жүргізушісін анықтады. Оның ішінде 16 жасқа толмаған адамның мопедті басқарғаны үшін 12 жасөспірімнің ата-анасы мен заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп толықтырды ведомство.
Тәртіп сақшылары 18 жастан асқан адамдарға электр мотороллерлерімен және мопедтермен жолдың оң жақ шетімен ғана жүруге рұқсат етілгенін еске салады. Оларда арнайы бас киім мен жүргізуші куәлігі болуы керек.