Halyq Uni логотип
×

Елімізде темекі 15 шілдеден бастап қымбаттайды

Келесі жылдан бастап бағасы тағы да өседі

 Қымбат Елтайқызы 11.07.2024 | 12:31
Елімізде темекі 15 шілдеден бастап қымбаттайды
фото: Halyq Uni

Қазақстанда шылым бағасы 15 шілдеден бастап өзгеріске ұшырайды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

2023 жылғы 15 шілдеден бастап «Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №196 бұйрығына өзгеріс енгізілді, деп мәлімдеді Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.

Ең төмен бөлшек сауда бағалары келесідей болады. 20 фильтрлі, фильтрсіз сигаретке, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға:

  • 2024 жылғы 15 шілдеден бастап, биылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға – 820 тенге;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 870 тенге.

Атап өтсек, қазір елімізде бір қорап темекінің ең төмен бөлшек сауда бағасы 770 теңгені құрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама